====================================================================== LibreOffice 25.2 ReadMe ====================================================================== Бұл файлдың соңғы нұсқасы орналасқан жері https://git.libreoffice.org/core/tree/master/README.md Бұл файлда LibreOffice өнімі туралы маңызды ақпарат бар. Орнатуды бастау алдында бұл ақпаратты мұқият түрде оқып шығу ұсынылады. LibreOffice қоғамдастығы бұл өнімнің жасалуына жауап береді, және сізге қоғамдастық мүшесі ретінде қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Егер сіз бастауыш болсаңыз, онда сіз LibreOffice сайтын шолып, LibreOffice жобасы және сыбайлас қоғамдастықтар туралы көптеген ақпаратты таба аласыз. https://www.libreoffice.org/ сайтын шолыңыз. LibreOffice өнімі әр пайдаланушы үшін шынымен еркін түрде келе ме? ---------------------------------------------------------------------- LibreOffice әркім үшін де тегін. Сіз бұл LibreOffice өнімінің нұсқасын алып, оны өзіңізге керек компьютерлер санына орнатып, кез-келген мақсатта қолдана аласыз (соның ішінде коммерциялық, үкіметтік, әкімшілік және білім беру салаларында). Көбірек ақпаратты LibreOffice өнімімен бірге келетін лицензиялық келісімшарт мәтінінен білуге болады. LibreOffice өнімі әркім үшін неге тегін? ---------------------------------------------------------------------- Сіз LibreOffice өнімін тегін түрде қолдана аласыз, өйткені жеке өндірушілер және корпоративті демеушілер оны жоспарлап, өндіріп, сынап, аударып, құжаттамасын жасап, қолдау көрсетіп, таратып және көптеген басқа тәсілдермен де LibreOffice өніміне оның бүгінгі күйіне жетуге көмектесті - ол енді үй және кеңседе қолданудың дүниежүзілік көшбасшы Open Source бағдарламалық қамтамасы. Егер сіз олардың жұмысын бағалап, және LibreOffice өнімі болашақта да осындай қолжетерлік болатынына сенімді болғыңыз келсе, жобаны қолдау мүмкіндігін қарастырыңыз - толығырақ ақпараты үшін https://www.documentfoundation.org/contribution/ шолыңыз. Әркім де өз үлесін қоса алады. ---------------------------------------------------------------------- Орнату ескертпелері ---------------------------------------------------------------------- LibreOffice толық мүмкіндіктері үшін Java Runtime Environment (JRE) соңғы нұсқасын талап етеді. JRE өнімі LibreOffice орнату дестесінің бөлігі емес, оны бөлек орнату керек. Жүйелік талаптар ---------------------------------------------------------------------- * Microsoft Windows 7 SP1, 8, 8.1 Update (S14) немесе 10 Ескерту: орнатуды орындау үшін жүйелік әкімші құқықтары қажет. LibreOffice өнімін Microsoft Office пішімдерінің негізгі қолданбасы ретінде тіркеуді рұқсат ету не оған тыйым салу орнату бағдарламасының келесі командалық жол кілттері арқылы іске асыруға болады: * REGISTER_ALL_MSO_TYPES=1 LibreOffice өнімін Microsoft Office пішімдері үшін негізгі қолданба ретінде тіркеу. * REGISTER_NO_MSO_TYPES=1 LibreOffice өнімін Microsoft Office пішімдері үшін негізгі қолданба ретінде тіркемеу. Жүйеңіздің уақытша бумасында жеткілікті бос орын бар екеніне, және оқу, жазу және орындау құқықтары барына көз жеткізіңіз. Орнатуды бастау алдында барлық басқа бағдарламаларды жабыңыз. LibreOffice өнімін Debian/Ubuntu тектес Linux жүйелерінде орнату ---------------------------------------------------------------------- Тілдік дестесін орнату жөніндегі нұсқаулықтары үшін (LibreOffice өнімінің АҚШ ағылшын нұсқасын орнатқаннан кейін), төмендегі Тілдік дестесін орнату деп аталатын бөлімді оқыңыз. When you unpack the downloaded archive, you will see that the contents have been decompressed into a sub-directory. Open a file manager window, and change directory to the one starting with "LibreOffice_", followed by the version number and some platform information. Бұл бума ішінде "DEBS" деп аталатын бума бар. "DEBS" бумасына өтіңіз. Бума ішінде тышқанның оң жақ батырмасын басып, "Терминалда ашу" нұсқасын таңдаңыз. Терминал терезесі ашылатын болады. Терминалдың командалық жолында келесі команданы енгізіңіз (команда орындалу алдында, сізден жүйелік әкімші паролі сұралатын болады): The following commands will install LibreOffice and the desktop integration packages (you may just copy and paste them into the terminal screen rather than trying to type them): sudo dpkg -i *.deb Орнату үрдісі енді аяқталды, және Қолданбалар/Кеңселік жүйелік мәзірінде LibreOffice қолданбаларын іске қосуға арналған таңбашалар пайда болуы тиіс. LibreOffice өнімін Fedora, openSUSE, Mandriva және басқа да RPM дестелерін пайдаланатын Linux жүйелерінде орнату ---------------------------------------------------------------------- Тілдік дестесін орнату жөніндегі нұсқаулықтары үшін (LibreOffice өнімінің АҚШ ағылшын нұсқасын орнатқаннан кейін), төмендегі Тілдік дестесін орнату деп аталатын бөлімді оқыңыз. When you unpack the downloaded archive, you will see that the contents have been decompressed into a sub-directory. Open a file manager window, and change directory to the one starting with "LibreOffice_", followed by the version number and some platform information. Бұл бума ішінде "RPMS" деп аталатын бума бар. "RPMS" бумасына өтіңіз. Бума ішінде тышқанның оң жақ батырмасын басып, "Терминалда ашу" нұсқасын таңдаңыз. Терминал терезесі ашылатын болады. Терминалдың командалық жолында келесі команданы енгізіңіз (команда орындалу алдында, сізден жүйелік әкімші паролі сұралатын болады): Fedora негізіндегі жүйелер үшін: sudo dnf install *.rpm Mandriva тектес жүйелер үшін: sudo urpmi *.rpm RPM негізінденгі басқа жүйелер (openSUSE және т.б.) үшін: rpm -Uvh *.rpm Орнату үрдісі енді аяқталды, және Қолданбалар/Кеңселік жүйелік мәзірінде LibreOffice қолданбаларын жөнелту үшін таңбашалар пайда болуы тиіс. Осыдан басқа, орнатуды пайдаланушы құқықтарымен орындау үшін, бұл архивтің түбірлік бумасында орналасқан 'install' орнату скриптін қолдануға болады. Бұл орнату үшін скрипт LibreOffice өнімінің қалыпты профилінен ажырату үшін, LibreOffice өнімінің өздік профилін жасайды. Ескертеміз, бұл жүйемен интеграцияны жасамайды, яғни, жұмыс үстел мәзірін орнату және MIME түрлерінің тіркелуін орындамайды. Жоғарыдағы нұсқауларда қарастырылмаған Linux дистрибутивтерінде жұмыс үстелі ортасымен интеграциялау жөніндегі нұсқаулар ---------------------------------------------------------------------- Бұл нұсқаулықта көрсетілмеген басқа да Linux жүйелерінде LibreOffice өнімін оңай түрде орнатуға болады. Басты айырмашылық жұмыс үстелі ортасымен интеграциялауда болады. The RPMS (or DEBS, respectively) directory also contains a package named libreoffice25.2-freedesktop-menus-25.2.0.1-1.noarch.rpm (or libreoffice25.2-debian-menus_25.2.0.1-1_all.deb, respectively, or similar). This is a package for all Linux distributions that support the Freedesktop.org specifications/recommendations (https://en.wikipedia.org/wiki/Freedesktop.org), and is provided for installation on other Linux distributions not covered in the aforementioned instructions. Тілдік дестесін орнату ---------------------------------------------------------------------- Керек тіл және платформа үшін арналған тілдік дестені жүктеп алыңыз. Тілдік дестелерді негізгі орнату архиві орналасқан жерінен табуға болады. Nautilus файлдар басқарушысы көмегімен архивті бумаға тарқатыңыз (мыс. жұмыс үстеліне). Барлық LibreOffice қолданбаларынан шыққаныңызға көз жеткізіңіз (QuickStarter қоса). Енді жүктеліп алынған тілдік дестесі тарқатылған бумаға өтіңіз. Now change directory to the directory that was created during the extraction process. For instance, for the French language pack for a 32-bit Debian/Ubuntu-based system, the directory is named LibreOffice_, plus some version information, plus Linux_x86_langpack-deb_fr. Енді тарқату кезінде жасалған бумасына өтіңіз. Debian/Ubuntu тектесі жүйелерінде бума DEBS деп аталады. Ал, Fedora, openSUSE немесе Mandriva үшін бума RPMS деп аталатын болады. Nautilus файлдар басқарушысында, бума ішінде тышқанның оң жақ батырмасын басып, мәзір ішінен "Терминалда ашу" нұсқасын таңдаңыз. Ашылған терезеде тілдік дестені орнату үшін келесі команданы орындаңыз (төмендегі командалардың барлығы үшін де жүйелік әкімші паролін енгізу керек болуы мүмкін): Debian/Ubuntu тектес жүйелері үшін: sudo dpkg -i *.deb Fedora негізіндегі жүйелер үшін: su -c 'dnf install *.rpm' Mandriva тектес жүйелер үшін: sudo urpmi *.rpm RPM негізінденгі басқа жүйелер (openSUSE және т.б.) үшін: rpm -Uvh *.rpm Енді LibreOffice қолданбаларының бірін іске қосыңыз - мысалы, Writer. Құралдар мәзіріне өтіп, Баптауларды таңдаңыз. Баптаулар сұхбат терезесінде «Тілдер және Локальдер» батырмасын басыңыз, содан кейін «Жалпы» батырмасын басыңыз. «Пайдаланушы интерфейсі» тізімін ашыңыз және жаңа ғана орнатқан тілді таңдаңыз. Керек болса, «Локаль баптаулары», «Негізгі ақша» және «Құжаттар үшін үнсіз келісім бойынша тілдер» үшін де осы әрекетті орындаңыз. Бұл баптауларды орнатқаннан кейін ОК батырмасын басыңыз. Сұхбат терезесі жабылады, және сіз көрсеткен өзгерістер LibreOffice өнімінің жұмысын аяқтап, оны қайта қосқан кезде ғана іске асатыны туралы хабарлама көрсетіледі (QuickStarter іске қосылған болса, оның да жұмысын аяқтау керек). LibreOffice келесі рет іске қосылған кезде жаңа ғана орнатылған тілмен іске қосылатын болады. ---------------------------------------------------------------------- Бағдарламаның іске қосылу кезіндегі мәселелері ---------------------------------------------------------------------- LibreOffice іске қосудағы қиындықтар (мысалы, қолданбалар қатуы) және экран дисплейіне қатысты мәселелер көбінесе графикалық карта драйверінен туындайды. Бұл мәселелер орын алса, графикалық карта драйверін жаңартыңыз немесе операциялық жүйемен жеткізілген графикалық драйверді пайдаланып көріңіз. ---------------------------------------------------------------------- Windows операциялық жүйесіндегі ALPS/Synaptics тачпадтары ---------------------------------------------------------------------- Windows драйвері мәселесі салдарынан сіз LibreOffice құжаттарын ALPS/Synaptics тачпадта саусақты жылжыту арқылы айналдыра алмайсыз. Тачпад көмегімен айналдыруды іске қосу үшін, "C:\Program Files\Synaptics\SynTP\SynTPEnh.ini" баптаулар файлына келесі жолдарды қосып, компьютеріңізді қайта жүктеңіз: [LibreOffice] FC = "SALFRAME" SF = 0x10000000 SF |= 0x00004000 Ескерту: Windows операциялық жүйесінің нұсқасына байланысты баптаулар файлының орналасуы басқаша болуы мүмкін. ---------------------------------------------------------------------- Пернелер жарлықтары ---------------------------------------------------------------------- LibreOffice ішінде тек операциялық жүйесінде қолданылмайтын пернелер жарлықтарын қолдануға болады. Егер LibreOffice ішінде пернелер жарлықтары LibreOffice көмек құжаттамасында жазылғандай жұмыс істемесе, ол жарлықтар операциялық жүйесімен қолдануда болмағанын тексеріңіз. Осындай мәселелерді шешу үшін сіз операциялық жүйе қолданатын пернелер жарлықтарын өзгерте аласыз. Сонымен қатар, LibreOffice өнімі ішіндегі жарлықтардың көбін өзгертуге болады. Бұл мәселе жөнінде көбірек білу үшін LibreOffice көмегін немесе операциялық жүйесінің құжаттамасын оқыңыз. ---------------------------------------------------------------------- LibreOffice ішінен құжаттарды эл. пошта ретінде жіберу кезінде мәселелер орын алды ---------------------------------------------------------------------- Құжатты "Файл ▸ Жіберу ▸ Құжатты эл. поштамен" немесе "Файл ▸ Жіберу ▸ Эл. поштамен PDF ретінде" арқылы жіберген кезде ақаулар туындауы мүмкін (бағдарлама құлауы немесе тоқтап қалуы). Бұл Windows құрамына кіретін «Mapi» (Messaging Application Programming Interface) жүйелік файлының кейбір нұсқалары мәселелерді туғызатынына байланысты. Өкінішке орай, мәселені белгілі бір нұсқа нөміріне дейін келтіру мүмкін емес. Қосымша ақпарат үшін https://www.microsoft.com сайтын шолып, Microsoft білім қорынан "mapi dll" іздеңіз. ---------------------------------------------------------------------- Арнайы мүмкіндіктерге қатысты маңызды толықтырулар ---------------------------------------------------------------------- LibreOffice өніміндегі арнайы мүмкіндіктер туралы көбірек ақпарат келесі парақта бар: https://www.libreoffice.org/accessibility/ ---------------------------------------------------------------------- Пайдаланушыларға қолдау көрсету ---------------------------------------------------------------------- The main support page offers various possibilities for help with LibreOffice. Your question may have already been answered - check the Community Forum at https://ask.libreoffice.org/ or search the archives of the 'users@libreoffice.org' mailing list at https://www.libreoffice.org/lists/users/. Alternatively, you can send in your questions to users@libreoffice.org. If you like to subscribe to the list (to get email responses), send an empty mail to: users+subscribe@libreoffice.org. Сонымен қатар, LibreOffice веб-сайтынан Жиі Қойылатын Сұрақтар санатын да қарап шығыңыз. ---------------------------------------------------------------------- Қателер және мәселелер жөнінде хабарлау ---------------------------------------------------------------------- Мәселелерді хабарлау, бақылау және шешу үшін біз Bugzilla жүйесін қолданамыз, ол https://bugs.documentfoundation.org/ жерінде орналасқан. Біз барлық пайдаланушылардан табылған мәселелер жөнінде хабарлауды сұраймыз және оны қолдаймыз. Мәселелер жөнінде хабарлау - LibreOffice өнімін жақсарту және дамыту мақсатындағы жасауға болатын маңызды үлес қосу жолы. ---------------------------------------------------------------------- Қоғамдастыққа мүше болу ---------------------------------------------------------------------- LibreOffice қоғамдастығына бұл маңызды кодтары ашық жобасына сіздің қатысуыңыз өте пайдалы болады. Пайдаланушы ретінде сіз осы жобаға маңызды үлес қосудасыз, және де біз сізді қоғамдастыққа ұзақ мерзімді қатысушы болуға одан әрі белсенді рольді алуға шақырамыз. Жобаға мүше болыңыз және үлес қосу туралы ақпаратпен LibreOffice веб-сайтынан таныс болыңыз. Бастау үшін ---------------------------------------------------------------------- Өз үлесіңізді қосуды бастаудың ең жақсы жолы - бір немесе бірнеше эл. хаттарды тарату тізімдеріне жазылып, оларды біраз бақылап, хат архивтерін LibreOffice өнімінің бастапқы коды 2000 жылдың қазан айында ашылғаннан бері туындаған көптеген тақырыптармен танысу үшін қолдана бастау. Үйренгеннен кейін, өзіңіз туралы шағын ғана жазып, тарату тізіміне жіберсеңіз болды. Егер де сіз Open Source жобаларымен таныс болсаңыз, қойылған тапсырмалар тізімімен танысып, бізге көмектесе алатын есептерді таңдаңыз: LibreOffice веб-сайты. Жазылу ---------------------------------------------------------------------- Міне, сіз жазыла алатын бірнеше хат тарату тізімдері осында https://www.libreoffice.org/get-help/mailing-lists/ * Жаңалықтар: announce@documentfoundation.org *барлық пайдаланушыларға ұсынылады* (аз трафик) * Пайдаланушылар үшін негізгі хат тарату тізімі: users@global.libreoffice.org *талқылауларды бақылаудың жеңіл жолы* (көп трафик) * Маркетингтік жоба: marketing@global.libreoffice.org *өндіру нәтижелері* (көп трафик) * Өндірушілердің негізгі хат тарату тізімі: libreoffice@lists.freedesktop.org (көп трафик) Жобаларға қосылу ---------------------------------------------------------------------- Бағдарламалық қамтаманы өндіруде немесе код жазуда тәжірибеңіз аз болса да, бұл маңызды ашық кодты жобаға өз үлесіңізді қоса аласыз. Бұл шынымен де солай! LibreOffice 25.2 өнімімен жұмысыңыз табысты болатынына әрі сіз біздің жобамызға Интернет көмегімен қосылатыныңызға үміттенеміз. LibreOffice қоғамдастығы ---------------------------------------------------------------------- Қолданылған/Түрлендірілген бастапқы код ---------------------------------------------------------------------- Portions Copyright 1998, 1999 James Clark. Portions Copyright 1996, 1998 Netscape Communications Corporation.